Қала әкімі Мақсат Мұқаш «Керуен» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті

    1 / 3

    Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш 16-шағын ауданда орналасқан «Керуен» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында азаматтар үй аумағында орналасқан құрылыс нысанының бір бөлігін тұрғындардың игілігіне беріп, аумақты кеңейтуді сұрады.

    Сондай-ақ тұрғындар кеңейтілген аумақты көгалдандырып, балалар ойын алаңын салуды және абаттандыру жұмыстарын жүргізуді өтінді. Сонымен қатар тұрғын үй кешенінің құжаттарын рәсімдеу мәселесін көтерді.
    Өз кезегінде қала әкімі тұрғындардың өтініштерін ескеріп, мәселелердің шешілуіне қолдау көрсететінін жеткізді. Мақсат Мұқаш жауапты өкілдерге тұрғын үй кешенінің құжаттарын бір ай мерзімде реттеуді тапсырды.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары