Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаштың арнайы шақыртуымен Алматы қаласынан бір топ ландшафт сәулетшісі келді. Мамандар алдағы күндері қала аумағындағы қоғамдық кеңістіктерді, атап айтқанда, саябақтар, аллеялар мен скверлерді зерттеп, олардың сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған жобалар әзірлейді.
Шаһар басшысы мамандарға қала көшелерін таныстырып, олардың көмегімен тұрғындардың серуендеуіне қолайлы қоғамдық кеңістіктер құру, теңіз жағалауынан бөлек орталық көшелердің де сәулеттік және эстетикалық келбетін жақсарту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ кеңес дәуірінде салынған аллеялар мен скверлерді біртұтас сәулеттік тұжырымдама негізінде жаңғырту жөнінде ұсыныс білдірді.
Өз кезегінде алматылық ландшафт сәулетші Баян Кәдірбекқызы Ақтаудың қазіргі сәулеттік келбетіне оң баға беріп, қаланың жаңа даму кезеңіне серпін беретін жобаларды жүзеге асыруға атсалысатынын жеткізді.
– Ақтаудағы орталық көшелердің сәулеттік пішіні өте әдемі. Бұл аумақтарда ландшафттық дизайн бағытында жұмыс жүргізіп, оларды әлемдік деңгейдегі тартымды қоғамдық кеңістіктерге айналдыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар қаланың климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, көгалдандыру жұмыстарына да үлес қосамыз, – деді ландшафт сәулетшісі Баян Кәдірбекқызы.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Алматылық мамандар Ақтау қаласының дамуына арналған жобалар әзірлейді
1 / 5
Ұқсас материалдар

Дәл қазіргі сәт…
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА «ҚҰТҚАРУШЫЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Облыс әкімдігінде 2026 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралып, халықты жұмыспен қамту және Республика күніне дайындық мәселелері талқыланды.
Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасыАшу
ТҮРКІСТАНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА 80 ОРЫНДЫҚ ЗАМАНАУИ ПЕРЗЕНТХАНА АШЫЛАТЫН КҮН ЖАҚЫН
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Ақтауда жол инфрақұрылымын арттыру жұмыстары жалғасуда
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Қала басшысы «Таза Ақтау» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының жұмысымен танысты
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда «Дала дәмі» республикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Мақсат Мұқаш Түркия Республикасының Ақтаудағы Бас консулымен кездесті
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда күзгі жауын-шашын маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу