1 / 3
Ақтау қаласында жол қозғалысын реттеу және көлік кептелісін азайту мақсатында бірқатар жол учаскелерінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2 және 6-шағын аудандардағы, сондай-ақ 4 және 5-шағын аудандардағы «Т» тәрізді жол қиылыстарында пилоттық режимде солға бұрылуға мүмкіндік беру қарастырылуда.
Осыған байланысты аталған учаскелерде полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бекітілген сызбаға сәйкес жолақтар мен жол таңбаларын өзгерту жұмыстары жүргізілуде.
– Осыған байланысты көлік жүргізушілерінен жолдарда уақытша туындауы мүмкін қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жұлдызбай Көңілімқосов.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі








