Соңғы жылдары баспана аламын деп құрылыс компанияларына қаражат салып, алайда әлі күнге дейін пәтерін ала алмай жүрген азаматтар бар. Олардың жағдайын түсінеміз. Қазір әкімдік құзырлы органдармен бірлесіп, әрбір проблемалық нысан бойынша мәселені шешудің заңды жолдарын қарастыруда. Дегенмен, бұл уақытты қажет ететін күрделі процесс.
Осы ретте маңызды ескерту жасағым келеді.
Қазіргі уақытта Орал қаласында үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты бар құрылыс компаниясы жоқ. Сондықтан пәтер сатып алуға асықпай, құрылыс компаниясының құжаттарын, құрылысқа рұқсатын және үлескерлердің қаражатын тартуға заңды негізінің бар-жоғын мұқият тексеріңіздер. Құжаттардың заңдылығына көз жеткізбей тұрып, ақша аудармаңыздар.
Құрылыс нысандары мен қажетті рұқсат құжаттарына қатысты кеңес алу үшін Орал қаласының сәулет және қала құрылысы бөліміне жүгінуге болады.
Баспанаға деп жылдар бойы жинаған қаражатыңызды тәуекелге тікпеңіздер. Сақтық танытып, шешімді жан-жақты тексеруден кейін ғана қабылдаңыздар.









