Орал қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қала әкімінің аппараты) жергілікті атқарушы органның және Орал қаласы әкімінің қызметін қамтамасыз етеді, қала әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-аналитикалық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ететін мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мемлекеттік рәміздерге қатысты құқық бұзушылықтар туралы қайда хабарлау қажет?

    Жауап

    Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолдайды. Мемлекеттік рәміздерге (Ту, Елтаңба) қатысты бұзушылықтар анықталған жағдайда, ең алдымен полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласу қажет. Полиция барлық қажетті материалдарды жинап, тексеру жүргізгеннен кейін істі әрі қарай қарау үшін жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) жолдайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мемлекеттік Елтаңбасын заңнама талаптарын бұза отырып пайдалану (орнату немесе орналастыру) жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай жағдайда ескерту жасалуы немесе айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға 5 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Орта кәсіпкерлік субъектілеріне 20 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. 418-бап. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000235

    ·
    Сұрақ

    "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру шарттары қандай?

    Жауап

    Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлерді т и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы . Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілген өтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беруге үміткерлерді т и і с т і ә к і м ұ с ы н а д ы . Ұсынылатын үміткерлер туралы ерекше еңбегі мен марапаттары көрсетілген өтініш, мінездеме, қызметтік тізбе, ол туралы ұсыныстар тапсырылуы қажет. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы өзін өзі ұсынған тұлғалардан өтініштер қабылданбайды. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағына үміткерлер туралы өтініштер өкілді органдардың шақырылымы кезеңінде жылына екі реттен артық е н г і з і л м е й д і . "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы өтелмеген немесе алынбаған айыбы бар (сотталған) тұлғаға берілмейді. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы мәселенің қаралуы және шешімнің қабылдануы атаққа ұсынылған тұлғаның қ а т ы с у ы н с ы з ж ү з е г е а с ы р ы л у ы м ү м к і н . "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру туралы шешім тиісті мәслихат сессиясында дауыс беру арқылы қатысып отырған депутаттардың көпшілік дауысымен қабылданады. Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 18 тамыздағы N 13-9 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2009 жылғы 24 тамызда N 3031 тіркелді https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V0900003031

    ·
    Сұрақ

    «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы" спорттық разрядтары қалай беріледі?

    Жауап

    Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асады. Бөлім бойынша «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күні. Құжаттарды қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы және "электрондық үкімет" веб-порталы: www.egov.kz. арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі жасөспірімдер разрядтары мен біліктілік санаттарын беру туралы бұйрықтың көшірмесі немесе дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлері бойынша: көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған цифрлық құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде - жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін); осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; бастапқы спорттық ұйымның мөрімен және қолымен куәландырылған қолдаухаты; спорт түрі бойынша облыс федерациясының мөрімен куәландырылған облыстық және (немесе) қалалық жарыстар, спорт түрі бойынша аккредиттелген облыс федерациясы болмаған жағдайда, облыстық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған жарыстар немесе аудандық, қалалық дене шынықтыру және спорт жөніндегі атқарушы органның мөрімен куәландырылған аудандық жарыстардың хаттамалары. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидалары, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы" 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 және ҚР мәдениет және спорт министрінің м.а. "Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген Ереже негізінде көрсетіледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P14000000

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалдау шарты жалға алушы қайтыс болған жағдайда кімнің атына қайта рәсімделеді?

    Жауап

    Жалға алушы қайтыс болған жағдайда, егер оның отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) осы тұрғын үйде тіркеліп, тұрақты бірге тұрған болса, жалдау шарты олардың біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін. Егер жалға алушы жалғыз тұрған болса немесе отбасы мүшелері бірге тұрмаған болса, тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылады. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің жалға алушысы қайтыс болған жағдайда, жалдау шарты оның отбасы мүшелерінің біреуінің атына қайта рәсімделуі мүмкін, егер заңнама талаптары сақталса. Жалдау шарты қайта рәсімделетін жағдайлар: Жалдау шарты келесі шарттар сақталған кезде қайта рәсімделеді: жалға алушымен бірге отбасы мүшелері тұрақты тұрған (жұбайы, балалары); олар осы тұрғын үйде тіркелген; тұрғын үйде нақты бірге тұрған; «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келеді. Бұл жағдайда отбасы мүшелерінің бірі уәкілетті органға жүгініп, жалдау шартын қайта рәсімдей алады. Тұрғын үй мемлекеттік қорға қайтарылатын жағдайлар: Тұрғын үй мемлекеттік тұрғын үй қорына қайтарылады, егер: жалға алушы жалғыз тұрған болса; отбасы мүшелері тұрғын үйде тіркелмеген болса; отбасы мүшелері жалға алушымен бірге нақты тұрмаған болса. Жалдау шартын ұзарту немесе қайта рәсімдеу үшін қажет болуы мүмкін құжаттар: (нақты жағдайға байланысты) Тұрғын үйді жалдау (аренда) шартын ұзарту немесе қайта рәсімдеу туралы өтініш. Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің немесе паспорттарының көшірмелері. Отбасылық жағдайды растайтын құжаттар (қажет болған жағдайда): неке қию немесе некені бұзу туралы куәлік; отбасы мүшесінің қайтыс болғаны туралы куәлік; балалардың туу туралы куәліктері; өтініш берушінің некеде тұрмайтыны туралы анықтама. Әділет органдарының аумақтық бөлімшесі (ХҚКО) беретін Ф-6 нысанындағы анықтама, яғни өтініш берушінің және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің бар немесе жоқ екенін растайтын құжат. Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-I. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000094_

    ·
    Сұрақ

    Орал каласының коммерциялык ғимараттарының сырткы көрнектерінде мемлекеттік тілде ақпарат көрсетілмеген жағдайда нестеу керек?

    Жауап

    E-otinish порталы арқылы немесе тұрғылықты жердің әкім аппараты канцеляриясына өтініш білдіру қажет. Арыз-шағым түседі: Жеке немесе заңды тұлғалардан мемлекеттік тілде ақпараттың болмауы туралы арыз немесе шағым қабылданады. Бұл шағымды мемлекеттік органдар, азаматтар немесе басқа ұйымдар беруі мүмкін. Орын алған жағдай бойынша анықтау жұмыстары жүргізіледі: Шағымды алғаннан кейін, тиісті мемлекеттік орган (әкімдік немесе тіл басқармасы) жағдайды анықтау үшін тексеру жүргізеді. Бұл тексеру барысында ғимараттың сыртқы көрінісі мен көрсетілген ақпараттың тілдік талаптарға сәйкестігі қаралады. Әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырылады: Егер тексеру нәтижесінде заң бұзушылық анықталса, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылады. Бұл хаттама бойынша заң бұзушылық жасаған тарапты әкімшілік жауапкершілікке тарту рәсімі басталады. Бір жылдың ішінде қайта шағым түсетін болса айыппұл салынады: Егер бір жыл ішінде сол жеғдайға қатысты қайта шағым түссе немесе заң бұзушылық қайталанса, онда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе басқа жауапты тұлғаларға айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің талаптарына сәйкес белгіленеді. Тіл туралы заң 21 бап https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970001151_

    ·
    Сұрақ

    Үкіметтік емес ұйымдардың есебін тапсыру мерзімі қандай?

    Жауап

    Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар бекітілген Қағидаларға нысанның барлық кестелерін толтыру арқылы қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Мәліметтерді үкіметтік емес ұйымдар жыл сайын веб-портал арқылы 1 қаңтардан 31 наурызға дейін электрондық түрде ұсынады. Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді электрондық түрде ұсыну үшін esep.govtec.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-порталда авторизациялау/тіркеу үшін заңды тұлғаға электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ немесе сертификат) алу талап етіледі. Қалыптастырылған мәліметтер заңды тұлғаға немесе оны алмастыратын тұлғаға берілген электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландрылады. Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезеңдегі ақпаратты және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар бойынша ақпаратты көрсете отырып, өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынады. ҚР "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" заңының 41-бабы 5 - тармағына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z010000142_

    ·
    Ақпарат

    «Орал қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша ақпарат

    Орал қалалық мәслихаты сессиясының 2026 жылғы 16 маусымдағы №28-2 «Оралқалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №25-3 «2026–2028 жылдарға арналғанқалалық бюджет туралы» шешіміне» өзгерістер енгізу туралы шешімі негізінде «Орал қаласыәкімінің аппараты» ММ 4 бюджеттік бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетіні жөнінде хабарлама

    Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5 тармағына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 21 бұйрығымен (Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 қаңтарда тіркелген № 31713) бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жаңа үлгілік қағидаларына сәйкес, Орал қаласының әкімінің аппараты» ММ-нің және Орал қаласының дербес бөлімдері 2025 жылдың 1 тамыз - 1 қыркүйек аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    Жарияланды:
    Жоба

    Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 2303 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі № 2303 «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» Орал қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қыркүйектегі №2303 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №24455 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Бірыңғай мемлекеттік-құқықтық жұмыстар қызметі бөлімінің басшысы осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. Осы қаулының орындалуын бақылау Орал қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қала әкімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қоры аккредиттеуден сәтті өтті

    2026 жылы «Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар қоры» қоғамдық қоры аккредиттеуден сәтті өтті және 2029 жылға дейін 4 орталық мемлекеттік орган - ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР сауда және интеграция министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің құрамына кіреді.Қор атқарушы директор Сатыбалдин Руслан Бауыржанұлы атынан министрліктер жанындағы осы сараптамалық кеңестердің құрамында белсенді жұмыс істейді. Ұлттық экономика министрлігі бұл қызметті Министрлік жанындағы кеңес құрамында оң бағалайды.Ұлттық экономика министрлігінің 22.06.2026 ж. бұйрығымен Әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс тобы құрылды.Бұл жұмыс тобында тек 3 ҮЕҰ бар - "Атамекен" , "қауымдастық" ҚР ҰКПәлеуметтік инноваторлар "және БҚО, Орал қ. ҮЕҰ -" Ashyk Kogam әлеуметтік даму және инновациялар Қоры " ҚҚ.Біз БҚО, Орал қалаларынан келген ҮЕҰ осы топтың мүшесі болғанына қуаныштымыз.Осы оқиғамен құттықтаймыз және осы топтың құрамында әлеуметтік кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша табысты жұмыс тілейміз.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Халықты азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету үшін электрондық үкіметтің мобильді қосымшасы платформасының жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру (азамат шағым немесе талап-арыз бермей тұрып, сұрақ қойып, жауап ала алады).

    https://youtu.be/FqRbBNYjduM?si=Q3Uw97YgZQJeLDtF

    Жарияланды: