Орал қаласы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Жиынға Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Байсалов, қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.
Отырыс барысында кенттер мен ауылдық округтерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар қаралды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарының сақталуы және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын орындау мәселелері талқыланды.
Жиында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті арттыру және мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету – маңызды міндеттердің бірі.
Заң мен тәртіп қағидатын сақтау – қоғам сенімін нығайтудың маңызды негізі.









