Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы

    Орал қаласының әкімдігі

    Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері туралы

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау 2023–2025 жылдарды және 2026 жылдың ағымдағы кезеңін қамтыды.

    Талдау барысында кадрлық процестер, қызметкерлерді тағайындау және біліктілік талаптарының сақталуы, сыйлықақылар мен материалдық көмектерді тағайындау, мемлекеттік сатып алу, бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану, әлеуметтік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардағы ішкі бақылау мәселелері зерделенді.

    Кадрлық салада қызметкерлердің ауысымдылығының жоғары деңгейі байқалды. Мәселен, Бөлімде штаттық саны 22 бірлік болған кезде кадрлардың ауысымдылығы 59,1%-ды, штаттан тыс қызметкерлер арасында 70,6%-ды құрады. Ведомстволық бағынысты ұйымдарда да қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан босатудың едәуір деңгейі анықталды.

    Сонымен қатар жекелеген қызметкерлерді лауазымға тағайындау кезінде біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды толық тексеру, ерекше тәртіппен тағайындау кезінде шешімдерді негіздеу және басқа қызметкерлердің міндеттерін жүктеу кезінде біліктілік талаптары сақталмаған. Сыйлықақылар мен материалдық көмекті тағайындау кезінде объективті және алдын ала белгіленген критерийлердің жеткіліксіздігі, сондай-ақ уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарғаны үшін қосымша ақы белгілеу мәселелерінде тәуекелдер орын алды.

    Мемлекеттік сатып алу саласында сатып алу құжаттамасын әзірлеу, бәсекелестікті қамтамасыз ету, сатып алу тәсілін таңдау және шарттардың орындалуын бақылау кезінде тәуекелдер анықталды.

    Бюджет қаражатын жоспарлау және пайдалану барысында ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі, қаржылық міндеттемелерді орындау және әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру мәселелері зерделенді. Сонымен қатар әлеуметтік қызметтерді нақты көрсетуді растау, жеке көмекші қызметін бақылау және үйде күтім көрсету кезінде қызмет алушылардың құқықтарын айқындау мәселелеріне назар аударылды.

    Мемлекеттік қызметтерді көрсету және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде құжат айналымын цифрландыру, қызмет көрсету процестерінің ашықтығы, ұйымдардың материалдық-техникалық жағдайы және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру қажеттілігі анықталды.

    Талдау нәтижесінде анықталған тәуекелдердің негізгі себептері ретінде ішкі бақылау тетіктерінің жеткіліксіздігі, жекелеген процестердің толық автоматтандырылмауы, шешім қабылдау кезінде объективті критерийлердің жеткіліксіз регламенттелуі және деректерді бақылау мен верификациялау тетіктерінің әлсіздігі айқындалды. Осылайша, сыртқы талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға, кадрлық және қаржылық процестердің ашықтығын арттыруға, мемлекеттік сатып алуды бақылауды күшейтуге, әлеуметтік қызметтердің сапасы мен нақты көрсетілуін қамтамасыз етуге және ішкі бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған 30 ұсыным әзірленді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Орал қаласының аумағындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА

    Орал қаласының аумағындағы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ХАБАРЛАМА № 34 сайлау учаскесі Орналасқан жері: Деркөл кенті, «Көкжиек» шағынауданы, Ақтамберді жырау көшесі, 24 үй, Орал қаласының білім беру бөлімінің...

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    "Қоғамдық тыңдаулар" арнайы айдары

    Қоғамдық тыңдауларды өткізуқағидаларына 1-қосымша Нысан "Қоғамдық тыңдаулар" арнайы айдары Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру: 1) «Орал қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша стратегиялық экологиял...

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Орал қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

    Орал қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы» қаулы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақпарат

    Халықтыазаматтардыңөтініштерінежеделәрекететуүшінэлектрондықүкіметтіңмобильдіқосымшасыплатформасыныңжұмысістеумүмкіндіктерітуралыақпараттандыру(азаматшағымнемесеталап-арызбермейтұрып,сұраққойып,жауапалаалады). https://y...

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстанда тұрғын үй қорын жаппай түгендеу басталады.

    Елдің барлық көппәтерлі үйлері мекенжайы, қабаты, пәтерлер мен тұрғын емес үй — жайлар саны, үйдің жай-күйі, лифтілер мен есепке алу аспаптары бар бір тізілімге жинақталатын болады. Жұмыс «Тұрғын үй қатынастары туралы» З...

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың қорытындылары

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын республикалық деңгейде біріздендіру мақсатында

    Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын республикалық деңгейде біріздендіру мақсатында Орал қалалық мәслихатының «Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану...

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ЖСН бойынша дауыс беру учаскесін іздеу

    2026 жылғы 23 тамыз – Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы Сайлау бойынша жиі қойылатын сұрақтарға берілген жауаптармен танысуды ұсынамыз. https://www.gov.kz/sailau

    Орал қаласының әкімдігіЖарияланды: