Ақтау қаласында 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымының өту барысына арналған жиын өтті. Жиынға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров, Ақтау қаласының әкімі Мақсат Мұқаш, сондай-ақ коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйлерге қызмет көрсетуші мекемелердің өкілдері қатысты.
Жиында қаладағы жылыту маусымының барысы, көппәтерлі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу жүйесіне қосылу жағдайы талқыланды. Сонымен қатар жылу беру кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз ету, жылу жүйелерінің үздіксіз жұмысын ұйымдастыру және тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі, инженерлік желілердің жұмысын үйлестіру және жылыту маусымында туындауы мүмкін мәселелердің алдын алу бағыттары сөз болды.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров жылыту маусымын тұрақты өткізу басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік саладағы бірқатар нысан жылу жүйесіне қосылған. Ендігі кезекте негізгі назар көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс.
– Бірінші кезектегі мәселе – жылыту маусымын дұрыс өткізу. Әлеуметтік саладағы кейбір нысандарды жылу жүйесіне қостық, бұл бағытта мәселе жоқ. Қазіргі таңда негізгі мәселе көппәтерлі тұрғын үйлерге қатысты болып отыр. Сондықтан ең алдымен осы үйлердің дайындығына назар аударуымыз керек, – деді Бекбол Орынбасаров.
Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары коммуналдық салада жұмысшылар мен білікті мамандардың тапшылығы бар екенін атап өтіп, бұл мәселені шешу бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге жылыту маусымының барысын тұрақты бақылауда ұстау, сондай-ақ тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді жедел шешу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Ақтау әкімдігінде жылыту маусымының барысы талқыланды
1 / 6
Ұқсас материалдар
V Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары алтыншы жарыс күнінде 5 медаль жеңді
ҚР ТСМАшу
ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Құрметті қала тұрғындары!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматыда Республика күніне орай мың жас флешмобқа қатысты
Алматы қаласының әкімдігіАшу
"Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары

Ақтауда заңсыз қоқыс үйінділерін жою және құрылыс алаңдарындағы тазалық мәселесі талқыланды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда орталық жолдардың қысқы маусымға дайындығы пысықталды
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтау қаласының әкімі 100-ден астам тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Ақтауда жол қозғалысын ұйымдастыру тәртібіне өзгерістер енгізілуде
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу
Алматылық мамандар Ақтау қаласының дамуына арналған жобалар әзірлейді
Ақтау қаласы әкімінің аппаратыАшу