РФММ МЕКТЕБІНІҢ АУРУХАНАҒА ЖАТҚЫЗЫЛҒАН БАРЛЫҚ ОҚУШЫСЫ АУРУХАНАДАН ШЫҒАРЫЛДЫ

    Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы Балалар қалалық клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған Республикалық физика-математика мектебінің барлық оқушысы ем қабылдағаннан кейін ауруханадан шығарылды.
    2026 жылғы 12 қазаннан бастап стационарға барлығы 58 бала жатқызылған. Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмек көрсетіп, клиникалық хаттамаларға сәйкес ем жүргізді.
    Қазіргі уақытта ауруханаға жатқызылған балалардың барлығы ауруханадан шығарылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" жаңалықтары