Доха, 19 тамыз 2026 – Елші Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекеті Ішкі істер министрінің орынбасары Абдулла бен Халаф бен Хаттаб Әл-Каабимен кездесу өткізді.
Министрдің орынбасары Қазақстан Елшісіне дипломатиялық қызметінде сәттілік тілеп, екі ел арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қатар қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму келешегін, сондай-ақ қауіпсіздік және құқық қорғау салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.









