Түркістан облысы Арыс қаласының «П.Арапов» елді мекенінің жұмыссыз тұрғындары, Орталық базарының саудагерлері, «Ж.Ташенов» мектебінің және «№11 Арыс балабақшасының» ата-аналарымен экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара халық арасында экстремизм мен терроризм ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру, олардың кері әсері мен қоғам үшін қауіптілігін түсіндіру және сол арқылы қоғам тұрақтылығын сақтау болып табылады.
Іс-шараға облыстық ақпараттық насихаттық тобының мүшелері арнайы қатысып, экстремизм мен терроризмнің қоғамға, мемлекетке және азаматтарға төндіретін қатері кеңінен талқыланды.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасының экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізіп отырған мемлекеттік саясаты, заңнамалық негіздері және қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүдделерді қорғаудың негіздері туралы түсіндірілді.
Спикер Қ.Мырзабай өз сөзінде «Экстремизм мен терроризмнің әлемдік деңгейде алауыздық пен өшпенділік туғызып, қоғамда төзімсіздік пен зорлық орнататындығы айтылды.
Экстремизм –шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілу, зорлық-зомбылыққа немесе адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірумен сипатталатын әрекеттер ретінде түсіндіріледі.
Терроризм – экстремизмнің асқынған көрінісі ретінде анықталып, ол саяси мақсаттарға қол жеткізу үшін зорлықтың қатыгез және үрейлі әдістерін қолданады. Террористік актілер салдарынан адам өмірі, материалдық және рухани құндылықтар қауіпке ұшырап, қоғамда психологиялық қысым мен әлеуметтік алауыздық туындайды», - деп атап өтті.
Сонымен қатар, ақпараттарды іздеу барысында тек ресми сайттар мен рұқсат етілген сөздіктерге сүйену қажеттігі ескертілді.
Кездесулер барысында қойылған сұрақтарға спикерлер нақты әрі толық жауап беріп, қатысушылардың құқықтық және танымдық сауаттылығын арттыруға бағытталған практикалық кеңестер берілді.
Іс-шараларға барлығы 250-ге жуық адам қатысып, олардың ақпараттық сауаттылығын көтеру және экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсініктерін нығайту қамтамасыз етілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды








