Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігі Протокол қызметі департаментінің директорымен кездесті

    Доха, 25 шілде 2026 –Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекеті Сыртқы істер министрлігі Протокол қызметі департаментінің директоры Ибрахим Юсеф Абдулла Фахрумен кездесті.

    Ибрахим Фахру Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен серіктестік қатынастарды одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.

    Кездесу барысында тараптар алдағы өтетін протоколдық іс-шараларды ұйымдастыру, Елшінің Қатардың ресми тұлғаларымен кездесулер кестесін келісу және дипломатиялық өкілдіктің ағымдағы жұмыс мәселелерін талқылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшілігі" жаңалықтары