ЖРВИ МЕН ТҰМАУ: ЕҢ БАСТЫСЫ – АЛДЫН АЛУ!

    Облыстық радионың «Это актуально» бағдарламасында жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаудың алдын алу мәселелері талқыланды.

    Бағдарлама қонағы – Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы орынбасарының м.а Мира Нұрланқызы.

    Радиожүргізуші Динара Абугалиевaмен бірге @dinara_abugaliyeva респираторлық инфекциялардың таралу жолдары, жұқтыру қаупін төмендетуге көмектесетін шаралар, жеке гигиена ережелерін сақтаудың маңыздылығы және қандай жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы әңгімелесті.

    Үй-жайларды үнемі желдету, қолды сабынмен жуу, тыныс алу гигиенасын сақтау және тұмауға қарсы уақтылы вакцина алу ауру жұқтыру және оның асқыну қаупін төмендетуге көмектеседі.

    Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары