Ертіс өңірінің полицейлері мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарын заңсыз иеленуге болмайтынын ескертті

    -Көліктерін тұраққа қою ережелерін бұзатын жүргізушілерді жиі кездестіруге болады. Алайда мұндай заңбұзушылықтарға көз жұма қарауға болмайды. Өйткені көлік иелері жол қозғалысының басқа қатысушыларына – жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолайсыздық туғызып қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болуы, сондай-ақ шұғыл қызмет көліктері мен арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаменті хабарлайды.
    Тағы бір өзекті мәселе – мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ орындарын тиісті рұқсаты жоқ көліктердің иеленуі.
    Мәселен, полицияға «Омниканальность» арнасы арқылы заңбұзушылықтың фотосуреті қоса тіркелген хабарлама келіп түсті. Павлодар қаласының тұрғыны Peugeot маркалы автокөлік жүргізушісінің «Мүгедектігі бар адамдарға арналған тұрақ» белгісінің астына көлігін қойғанын хабарлаған.
    Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көлік иесін анықтап, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салды.
    Сонымен қатар жүргізушімен жол қозғалысы ережелерін сақтау және оның барлық қатысушыларына құрметпен қарау қажеттігі туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
    Айта кетейік, жыл басынан бері 1389 азамат «Омниканальность Police 102» мобильді қосымшасын пайдаланған.
    Полиция ведомствосы құқықбұзушылықтың куәсі болған азаматтарды бұл туралы «102» арнасына хабарлауға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары