Жаяу жүргіншілер – жол қозғалысының ең қорғалмаған қатысушыларының бірі.
– Жол қозғалысы ережелерін көбіне айналасына назар аудармай, гаджеттеріне үңіліп, капюшон киіп жүретін жасөспірімдер елемейді. Сондай-ақ егде жастағы тұрғындар да жаяу жүргіншілер өткелін пайдаланбай, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, ережелерді жиі бұзады.
Бүгінгі таңда облыс бойынша жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 8 780 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаментінен.
Мәселен, Павлодар қаласында Камзин көшесінде облыс орталығының тұрғыны жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өткен.
Өз кезегінде, жүргізушілер де жол қозғалысы ережелерін сақтауда тиісті тәртіп танытпай отыр. Ағымдағы жылдың басынан бері 2 743 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеген.
Ворушин және Академик Шөкин көшелерінің қиылысында «Daewoo Nexia» маркалы автокөліктің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіге жол бермеген.
Құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын жолда мұқият әрі сақ болуға және жол қозғалысы ережелері барлығына ортақ екенін ұмытпауға шақырады.
Павлодар облысында 9 мыңға жуық тұрғын жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен
Ұқсас материалдар

Астанада жаңа жылдық безендіру мәселесі талқыланды
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
Қазақстан мен ФАО су ресурстары саласындағы әріптестік бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуАбай облысының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмысты күшейтуде
Абай облысының прокуратурасыАшу
ІІМ: Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды
ҚР ІІМАшу
"Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Балалар алаңындағы ішімдік ішу: павлодарлықтар жауапқа тартылды
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Қарсы жолаққа шығу – айыппұлға әкеледі!
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Ертіс өңірінде көші-қон бақылауда
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Автокөлік тұрақтарын дұрыс пайдаланбаған жүргізушілерді полиция анықтауда
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу
Павлодарда полиция қызметкерлері «Қауіпсіз үй» ЖПІШ өткізуде
Павлодар облысының Полиция департаментіАшу