Шақаман ауылында Жаңасемей ауданы әкімінің тұрғындармен есеп беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауыл әкімі жыл бойы атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер туралы баяндады. Сонымен қатар, аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы аудан көлемінде жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары, инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған істер және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы есеп берді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды.
Кездесуден кейін аудан әкімі Нұржан Оразбекұлы мен аудан прокуроры тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін мәселелер тиісті бақылауға алынды.
Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын бірлесіп қарастыруға мүмкіндік береді.









