
Достық ауылдық округінде күзгі кіші шағын футболдан «Шақаман CUP» турнирі ұйымдастырылды. Турнирдің негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және спортқа деген қызығушылықты арттыру. Тартысты өткен спорттық додаға барлығы 8 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жүлделі орындар:
- I орын – «Түрксіб» командасы
- II орын – «Шақаман» командасы
- III орын – «Шақаман» командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!







