Қарсы жолаққа шығу – айыппұлға әкеледі!

    – Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі.
    Мәселен, Павлодар қаласының Қамзин көшесінде BMW маркалы автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шыққан.
    Жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылданып, көлік құралдарын басқару құқығынан алты ай мерзімге айырылды-деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті.
    Айта кету керек, жыл басынан бері полиция қызметкерлері қарсы қозғалыс жолағына шығудың 540 дерегінің жолын кесіп, осылайша болуы ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алды.
    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға және жолдағы қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тағы да шақырады.
    Сондай-ақ балалар мен оқу орындарының, жаяу жүргіншілер өткелдерінің және қоғамдық көлік аялдамаларының маңында барынша мұқият болу қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары