Автокөлік тұрақтарын дұрыс пайдаланбаған жүргізушілерді полиция анықтауда

    Жаяу жүргіншілер жолына, яғни тротуарларға көлік қою мәселесі – Павлодар облысы тұрғындарын алаңдататын негізгі мәселелердің бірі. Көптеген жүргізушілер өздеріне қолайлы жағдайдан бас тартқысы келмей, тротуардың ең алдымен жаяу жүргіншілерге арналған көше бөлігі екенін ескергісі келмейді, – деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаменті.
    Мәселен, Павлодар қаласының полициясына теміржол вокзалы аумағында автокөліктің дұрыс қойылмағаны туралы хабарлама түскен.
    – Анамды пойызға шығарып саламын да, кетіп қаламын. Бұл тез болады! – деп құқық қорғау қызметкерін көрген жүргізуші ақталуға тырысқан.
    Тағы бір жағдайда Олжабай батыр көшесінде басқа жүргізуші көлігін тротуар плиткасының үстіне қойып, жаяу жүргіншілердің өтуіне кедергі келтірген.
    Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айтуынша, тротуарда тұрған автокөліктер осындай тәртіп бұзушылардың кесірінен өз құқықтары мен аумағына қол сұғылған тұрғындардың наразылығын туғызады. Мұндай заң бұзушылықтарға жол беруге болмайды. Себебі көлік иелері басқа жол қозғалысына қатысушыларға қолайсыздық келтіріп қана қоймай, жол-көлік оқиғаларының туындауына себеп болатын жағдайлар жасайды.
    Қаланың кез келген тұрғыны жол қозғалысы ережелерінің бұзылғанына куә болған жағдайда, құқық қорғау органдарына көмек көрсете алады. Ол үшін полицияның жедел арнасы – Жедел басқару орталығының «102» телефонына хабарласу қажет.
    Полиция ведомствосында атап өткендей, келіп түскен барлық хабарламалар бойынша патрульдік полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдайды.
    Жыл басынан бері тәртіп сақшылары автокөліктерді тұраққа қою ережелерін бұзудың 2468 фактісінің жолын кесті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары