Іштің бе-көлікке отырма:Ертіс өңірінде көлікті мас күйде басқарудың мыңнан астам дерегі анықталды

    Көлік құралын мас күйде басқару — аса қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Мұндай әрекет көбіне жүргізушінің өзі ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының қаза табуына немесе жарақат алуына әкеліп соғады.
    Қолданыстағы шараларға қарамастан, кейбір жүргізушілер жол қозғалысы ережелерін сақтамай, заң алдында жауапкершілікке тартылады.
    Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері көлік құралын мас күйде басқарудың 1112 дерегін анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті.
    Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, материалдар облыстың әкімшілік соттарына жолданды.
    Мәселен, Железинка ауылында дүкен маңында полиция қызметкерлері Toyota Corolla автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарын тексеру барысында полицейлер жүргізушінің мас күйде болуы мүмкін деген күдікке келген. Медициналық куәландыру нәтижесі олардың күдігін растады.
    Анықталғандай, ер адамға көлік жүргізуге мүлдем болмайтын. Себебі ол бұған дейін де көлікті мас күйде басқарғаны үшін Павлодар қаласының әкімшілік сотының шешімімен 2021 жылғы қаңтарда жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылған.
    Қазіргі уақытта материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.
    Мас күйде рөлге отырған жүргізуші тек өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да нақты қауіп төндіреді. Сондықтан заң талаптарының сақталуын бақылау полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала береді.
    Полицейлер азаматтарды үйде өздерін күтіп отырған жақындарын еске алуға және өз жауапсыздығының салдарынан жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін екенін ұмытпауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары