«БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ»

    КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА «БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ» ЖОБАСЫ ӨТЕДІ
    2026 жылғы 12–30 қазан аралығында Казталов ауданында «Табысқа қадам: Білім&Sapa» аудандық жобасы аясында «Білім беру бөлімінің бір күні» іс-шарасы өтеді.
    Аталған бастама білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен танысуға, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды зерделеуге және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған.
    Жоба аясында аудан мектептерінде кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесі сараланып, білім беру бөлімінің басшылығымен қабылдау жүргізіледі.
    ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ:
    12 қазан – Көктерек ЖОББМ
    14 қазан – Бостандық ЖОББМ
    16 қазан – А. Байтұрсынов атындағы МБК
    19 қазан – Қайыңды ЖОББМ
    21 қазан – Талдыапан ЖОББМ
    23 қазан – Әбіш НОМ
    28 қазан – Тереңкөл МБК
    29 қазан – Сатыбалды НОМ
    30 қазан – Н. Дүйсенғалиев атындағы НОМ
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»" жаңалықтары