Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы «Европа–Азия – 2026» республикалық туристік фестивалі ұстаздардың туристік шеберлігі мен командалық рухын тағы бір мәрте айқын көрсетті.
Ауқымды додаға Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» педагогтары қатысып, бірнеше спорттық және шығармашылық бағытта жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орын – «Байлам» қашықтығы, ерлер жұбы арасында Малаев Ербол және Тлепқали Аманер;

ІІ орын – түнгі бағдарлау, ерлер арасында Қуаныш Ақжан;

ІІ орын – дойбыдан әйелдер арасында Хафизова Ботагөз;

ІІ орын – техникалық қашықтық бойынша Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы;

ІІ орын – волейбол жарысында Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы;

ІІІ орын – «Бард әндері» байқауында Қыдырғалиев Бауыржан;

ІІІ орын – «Байлам» қашықтығы, аралас жұп арасында Қуаныш Ақжан және Бисемалиева Мерей;

ІІІ орын – дойбыдан ерлер арасында Сарсенғалиев Тимур.

Әр кезеңде өзара қолдау мен ұйымшылдық танытып, тәжірибелері мен шеберліктерін ортаға салған педагогтар ауданымыздың намысын абыроймен қорғады.

Жеңіске жеткен барша ұстаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!