БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ»: ҚАЙЫҢДЫ МЕКТЕБІНДЕ

    1 / 6
    БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ»: ҚАЙЫҢДЫ МЕКТЕБІНДЕ
    📚 «Табысқа қадам: Bilim&Sapa» аудандық жобасы аясындағы «Білім беру бөлімінің БІР КҮНІ» іс-шарасы 2026 жылғы 2 қараша күні Қайыңды жалпы орта білім беретін мектебінде жалғасын тапты.
    🔎 Сапар барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы, бас мамандар мен әдіскерлер мектептегі оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылу барысымен танысып, сабақтардың өткізілу сапасына, педагогтердің кәсіби қызметіне және білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарға назар аударды.
    📖 Сонымен қатар білім алушыларға жасалған жағдайлар, оқу кабинеттерінің жабдықталуы, мектептің материалдық-техникалық базасы, тәрбие жұмыстары мен білім беру процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері зерделенді.
    ✨ Жоба аясындағы жұмыстар білім беру ұйымдарының қызметін жан-жақты зерделеуге, өзекті мәселелерді анықтауға, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетуге және оқу-тәрбие процесін жетілдіру жолдарын айқындауға мүмкіндік береді.
    Білім сапасы – жүйелі жұмыс пен үздіксіз ізденістің нәтижесі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»" жаңалықтары