БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ»: ТЕРЕҢКӨЛ МЕКТЕП-БӨБЕКЖАЙ КЕШЕНІНДЕ

    1 / 4
    «БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ»: ТЕРЕҢКӨЛ МЕКТЕП-БӨБЕКЖАЙ КЕШЕНІНДЕ
    📚 «Табысқа қадам: Bilim&Sapa» аудандық жобасы аясындағы «Білім беру бөлімінің БІР КҮНІ» іс-шарасы Тереңкөл мектеп-бөбекжай кешенінде жалғасын тапты.
    🔎 Іссапар барысында аудандық білім беру бөлімінің басшысы, бас мамандар мен әдіскерлер білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылу барысын зерделеп, сабақтарға қатысып, педагогтердің кәсіби қызметімен және білім сапасын арттыру бағытындағы тәжірибелерімен танысты.
    📖 Сонымен қатар мектеп пен бөбекжайдағы білім алушыларға жасалған жағдайлар, оқу кабинеттері мен топ бөлмелерінің жабдықталуы, материалдық-техникалық база, тәрбиелік іс-шаралар және білім беру қызметінің өзекті мәселелері қарастырылды.
    ✨ Кездесу барысында білім беру ұйымының жұмысын жетілдіру, анықталған мәселелерді шешу және педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету бағыттары назарға алынды.
    Әр мектептің даму жолы – сапалы білім мен жүйелі жұмыстың нәтижесі!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»" жаңалықтары