АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ: ІІ ТУР

    1 / 6
    АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ: ІІ ТУР
    📚 Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІ туры өтті.
    🧠 Білім додасының екінші турында оқушылар пән ерекшеліктеріне қарай ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындап, практикалық есептер шығарып, тест сұрақтарына жауап берді.
    ✨ Олимпиада барысында қатысушылардың пәндік білімімен қатар, логикалық ойлау, талдау, дәлелдеу және алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдылары сынға түсті.
    📊 Олимпиаданың ІІ туры оқушылардың білім деңгейін саралауға, дарынды жастарды анықтауға және олардың зияткерлік әлеуетін бағалауға мүмкіндік берді.
    👏 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Еңбектеріңіз жемісті болып, білім додасында лайықты нәтижелерге қол жеткізіңіздер!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»" жаңалықтары