2026 жылғы қыркүйекте Агенттік қаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктердің қызметіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың 15,6 мың жолданымын қарады, бұл өткен айға қарағанда 6,3%- ға көп. Жолданымдардың ең көп үлесі банк секторына – 47,1 %, микроқаржы ұйымдарына – 39,4%, коллекторлық агенттіктерге – 7,1% тиесілі. Қаралған жолданымдар мәселесінің сипаты бойынша жолданымдардың негізгі үлесі қарыздар бойынша берешекті реттеуге – 43%, заңнаманы түсіндіруге – 18% және түрлі мәселелер бойынша консультацияларға – 12% тиесілі болды.
2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы заңнамасының анықталған бұзушылықтары бойынша Агенттік қаржы нарығы субъектілеріне қадағалап ден қоюдың 5 ұсынымдық шарасын (ҚДҰШ), 1 жазбаша нұсқама қолданды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 хаттама бойынша жалпы сомасы 1,7 млн теңгеге 3 әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде:
- банктерге – 5 ҚДҰШ;
- банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға – 1 әкімшілік айыппұл;
- микроқаржы ұйымдарына – 1 жазбаша нұсқама;
- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына – 1 әкімшілік айыппұл;
- коллекторлық ұйымдарға – 1 әкімшілік айыппұл.
Агенттік үш бағыт бойынша жалғыз тұрғын үйді сақтауға және борыш жүктемесін төмендетуге бағытталған Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырады.
2004–2020 жылдар кезеңінде ипотекалық қарыз алған қарыз алушылардың жалғыз тұрғын үйін сақтауға бағытталған Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банктер 215,0 млрд теңге сомасына 33,4 мың қарызды қайта қаржыландырды.
Бағдарламаның 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін берілген валюталық ипотекалық қарыздарды айналдыруға/қайта қаржыландыруға бағытталған екінші бөлігі шеңберінде банктер 114,4 млрд теңге сомасына 16,2 мың валюталық ипотекалық қарызды айналдыруды/қайта қаржыландыруды жүргізді. Бағдарламаның екінші бөлігін іске асыру 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.
Бағдарламаның үшінші бөлігі шеңберінде 2026 жылғы 1 қазанда банктер халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 10,6 мың қарыз алушыға 101,3 млрд теңге сомасында қосымша қаржылық қолдау шараларын көрсетті. Қолдау шаралары қарыз алушының берешегін азайту, өтеудің жеңілдікті кестелерін белгілеу, сондай-ақ банктің балансында тұрған жалғыз баспананы қарыз алушының меншігіне қайтару түрінде көрсетіледі.
Агенттік Басқармасының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №132 қаулысымен Бағдарлама шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарындағы қарыз алушыларға қосымша көмек көрсету мерзімі 2027 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








