Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2026 жылғы 1 қазандағы жай-күйі туралы

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 48,0 трлн теңгені құрады, ол 2026 жылғы қыркүйекте негізінен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың (−15,1%) және «Kaspi.kz» АҚ-тың (−11,6%) KASE индексінің өкілдік тізіміне кіретін акциялар бағасының төмендеуі есебінен 4,4%-ға азайды (2026 жылдың басынан бастап 23,1%-ға өсті).

    2026 жылғы қыркүйекте акциялармен сауда-саттық көлемі 22,0 млрд теңгені құрады, бір айда негізінен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Кселл» АҚ, Freedom Holding Corp., «Қазақтелеком» АҚ және «ForteBank» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің төмендеуі есебінен 9,7%-ға азайды.

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 72 қазақстандық эмитенттің 85 атауының акциялары болды, оның ішінде 2 эмитенттің 2 атауының акциялары «Листингтік емес бағалы қағаздар» секторында айналысқа жіберілді.

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE индексі 7 795,44 тармақты құрады, ол 2026 жылғы қыркүйекте 4,0%-ға азайды (2026 жылдың басынан бастап 10,9%-ға өсті).

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «KASE Global» секторында 73 шетелдік эмитенттің 54 атаудағы акциялары, 3 ADR және 25 ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі 2026 жылғы қыркүйекте 34,6 млрд теңгені құрап, бір айда негізінен Meta Platforms, Inc., Intel Corporation, iShares Bitcoin Trust ETF, ORACLE CORPORATION, Bank of America Corporation, NVIDIA Corp., Apple Inc. акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 7,6%-ға ұлғайды.

    KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 2026 жылғы қыркүйекте 1,3%-ға азайып, 16,5 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 1,4%-ға өсті). KASE-дегі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда бастапқы нарықтағы сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен 2026 жылғы қыркүйекте 3,5 есе 1,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда тізімдерінде 178 эмитенттің 866 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды.

    KASE-де саудаланатын номинал бойынша мемлекеттік борыш сомасы 2026 жылғы қыркүйекте 0,3%-ға азайып, 36,6 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 14,8%-ға өсті). 2026 жылғы қыркүйектің қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 18,0%-ға ұлғайып, 1,4 трлн теңгені құрады. МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2,8%-ға 0,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Оның ішінде өтеуге кірістілігі 13,95–17,95% болатын 12 облигациялар шығарылымын орналастырып, ҚР Қаржы министрлігі 807,3 млрд теңге тартты, он үш облыстың және Шымкент қаласының әкімдіктері мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде 112,8 млрд теңге тартты.

    Ұжымдық инвестициялау нарығында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 55 инвестициялық пай қоры, оның ішінде 24 аралық, 27 жабық, 2 ашық және 2 биржалық пай қоры жұмыс істеді.

    Инвестициялық пай қорлары активтерінің көлемі 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 293,6 млрд теңгені құрады, ол 2026 жылғы қыркүйекте негізінен инвестициялық пай қорларының активтерін теріс қайта бағалау есебінен 2,9%-ға азайды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 243,2 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 82,8%-ын құрады.

    2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымына 44 брокер және (немесе) дилер, 11 кастодиан-банк, 22 инвестициялық портфельді басқарушы, 6 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

    2026 жылғы қыркүйекте Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны 0,1%-ға 5 845,3 мың шотқа дейін азайды, оның ішінде:

    - депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 700,0 мың қосалқы шотқа дейін 0,1%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері 0,2%-ға өсті);

    - брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттардың саны 5 145,3 мың шотқа дейін 0,1%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері 17,9%-ға ұлғайды).

    Брокерлердің және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельді басқарушылардың жиынтық активтері 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша негізінен «кері РЕПО» операциялары мен бағалы қағаздар портфелі құнының өсуі есебінен 0,5%-ға ұлғайып, 660,7 млрд теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап 10,1%-ға өсті).

    2026 жылғы қыркүйекте міндеттемелер жекелеген қатысушылардың «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелерінің ұлғаюы есебінен 174,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Меншікті капитал негізінен жарғылық капиталдың ұлғаюы нәтижесінде 0,7%-ға 486,5 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

    Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары