ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің отырысы туралы

    1 / 3

    2026 жылғы 29 қазанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің делегациясы Төраға Мәдина Әбілқасымованың басшылығымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 31-ші отырысына қатысты. Іс-шара Минск қаласында өтті.

    Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңес – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері мен қаржы реттеушілерінің консультативтік-кеңесші органы.

    Дәстүрлі отырысқа Армения Орталық Банкінің, Беларусь Ұлттық Банкінің, Қазақстан Ұлттық Банкінің, Қырғызстан Ұлттық Банкінің және Ресей Орталық Банкінің басшылары қатысты.

    Қатысушылар ағымдағы экономикалық жағдайды, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде ақша-кредит саясатының іске асырылуын талқылады, алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл бөлігінде тәжірибе алмасты, цифрлық валюталарды пайдалану және енгізу перспективалары, сондай-ақ виртуалды активтерді реттеу мәселелерін қарады.

    Отырыс аяқталғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржы нарығындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған бірқатар келісімдерге қол қойылды.

    Консультациялық кеңестің кезекті отырысы келесі жылы Ресейде өтеді.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    press@finreg.kz

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары