Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымова ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Агенттік қызметкерлеріне Мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыс етті.
Салтанатты рәсім барысында қаржы нарығын реттеу мен дамыту жүйесін жетілдіруге және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге елеулі үлес қосқан Агенттік қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Агенттік Төрағасы үйлесімді жұмыс пен ұжымның жоғары кәсібилігінің арқасында банк секторының орнықтылығын арттыруға, сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын дамытуға, қадағалау тетіктерін жетілдіруге және азаматтардың қаржы институттарына деген сенімін нығайтуға бағытталған ауқымды реформалар мен қайта құрулар дәйекті түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.
Агенттік басшысы адам капиталына ерекше назар аударып, реформалардың тиімділігі мен сапасы көбінесе мамандардың құзыреттілігіне, кәсіби деңгейіне және тартылуына байланысты екенін атап өтті.
Іс-шара соңында Агенттік Төрағасы ұжымға адал еңбегі және еліміздің қаржы нарығын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ қызметкерлерге ел игілігі үшін кәсіби қызметте табыс тіледі.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы









