ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»·Жаңалықтар мұрағаты

ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ
Мұғалімдер күніне орай облыс орталығындағы «Атамекен» өнер ордасында білім мен тәрбие саласының майталмандарына құрмет көрсеткен «Ұстазға тағзым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында ұстаздық жолдағы еселі еңбек пен білім саласының дамуына қосылған үлес лайықты бағаланып, бірқатар мәртебелі марапаттар табысталды.
Мерейлі марапаттар – ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны мен мәртебесінің биіктігін айқындайтын айрықша құрмет.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет! 




