КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ

    КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ
    Қолданыстағы талаптарға сәйкес, тұрақты басшы тағайындалғанға дейін А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-бөбекжай кешені директорының міндетін уақытша атқарушы болып Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Каким Алпамыс Кенжебекұлы тағайындалды.
    Алпамыс Кенжебекұлы – екінші санатты басшы орынбасары, педагог-зерттеуші. Білім беру саласындағы тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті жаңа міндетті тиімді атқаруға бағытталады.
    Аталған тағайындау білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және мектеп қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылды.
    Жаңа қызметіңізге сәттілік, жұмысыңызға толағай табыс тілейміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ГУ «Отдел образования Казталовского района управления образования акимата Западно-Казахстанской области»" жаңалықтары