Екібастұзда "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көліктер тексерілуде.
"Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Екібастұз қаласы әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері мал мен ет өнімдерінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында көлік құралдарын тексеруде.
Осындай тексерулердің бірі барысында полицейлер Volkswagen Passat автокөлігін тоқтатты. Көлікті басқарған жүргізушіні тексеру кезінде ет өнімдерін тасымалдау талаптарының бұзылғаны анықталды. Атап айтқанда, ет автокөлік салонында белгіленген санитариялық талаптар сақталмай тасымалданған.
Аталған факті бойынша жүргізушіге қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен әкімшілік материал толтырылды.









