Мұғалімдер күніне арналған іс-шара

    1 / 9
    Мәдениет үйінде Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
    Құттықтау сөз сөйлеген Тимирязев ауданының әкімі Е.Қ. Жаров педагогтерге олардың қажырлы да абыройлы еңбегі, мамандыққа деген адалдығы, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
    Іс-шара аясында Ерлан Қайырұлы педагогтерді кәсіби жетістіктері, адал еңбегі және білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін медальдармен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
    Мерекелік көңіл күй мұғалімдерге арнап ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен жалғасты. Шығармашылық нөмірлер қатысушыларға тамаша сыйлық болып, қонақтарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тимирязев ауданының әкімдігі" жаңалықтары