1 / 9
Бүгін Тимирязев ауданында Қазақстан Республикасы Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аудан әкімі Ерлан Жаров Тимирязев ауданының төтенше жағдайлар бөлімі мен №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлеріне кәсібилігі, адал қызметі және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін «Тимирязев ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» медалін, Құрмет грамотасын және Алғыс хаттарды табыс етті.
Сондай-ақ құтқарушылардың тынымсыз еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі ретінде аудан әкімдігі тарапынан қызметкерлерге жаңа арнайы киім сатып алынды. Аудан әкімі құтқарушыларға батылдығы, жауапкершілігі және ең күрделі жағдайларда көмекке келуге әрдайым дайын екендіктері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, амандық және қызметтеріне сәттілік тіледі.









