1 / 13
Республика күні құтты болсын!
Республика күні — еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін дәріптейтін, халқымыздың бірлігі мен Отанға деген сүйіспеншілігін айшықтайтын маңызды мереке. Тәуелсіздік — баға жетпес құндылығымыз, ел дамуының берік негізі.
Ауданымыздың өркендеуі мен дамуына әрбір тұрғынның қосқан үлесі зор. Туған жердің көркеюі жолындағы адал еңбек пен елге деген жанашырлық — ортақ жетістігіміздің негізі.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!









