Тимирязев ауданы әкімінің өкімімен Баилов Дулат Кәкімұлы Тимирязев ауданы әкімінің аппаратының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Дулат Баилов 1991 жылғы 5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Семиполка ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжін «Автомобиль көлігін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша бітірген. 2021 жылы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары салаларында еңбек еткен. Басшылық қызметте жұмыс тәжірибесі бар.
Осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін атқарған.









