Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тимирязев ауданына жұмыс сапарымен барды.
Мемлекет басшысы автомобиль жолдарының сапасын арттыру міндетін қойды. Осы бағытта «Волошинка – Сергеевка – Тимирязево» автожолының 45 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Екі жылға жоспарланған жоба 11 айдың ішінде жүзеге асырылды. Жөндеу жұмыстары аудан тұрғындары 30 жыл бойы көтеріп келген мәселені шешуге мүмкіндік берді.
Жұмыс сапары барысында Ғауез Торсанұлы ауыл шаруашылығы саласының дамуымен танысты. Ақжан ауылында «Райт АА» ЖШС салған аудандағы алғашқы сүт-тауар фермасына барды. Мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалардың қолдауы арқасында кәсіпорын голштин тұқымды 400 бас ірі қара мал сатып алды. Ферманы іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Сонымен қатар Дмитриевка, Степное және Ақжан ауылдары үшін ветеринариялық пункттер сатып алынды.
Сондай-ақ облыс әкімі аудандық аурухана мен 150 келушіге арналған емханаға барды. Аталған медициналық нысанда күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылы аяқталған. Бұдан бөлек, білім беру инфрақұрылымын жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. «Қазақстан халқына» қоры мен Білім берудің тұрақты дамуы қорының қолдауымен Ақсуат, Докучаев, Москворецкое және Тимирязево ауылдарындағы мектептердің оқу кабинеттері жаңартылды. Кабинеттер жасанды интеллект элементтері бар заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар Тимирязево ауылындағы аудандық IT-орталық базасында облыстағы екінші цифрлық музей ашылды.
Жұмыс сапары аясында еңбек ардагері Ольга Скобамен, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен және аудан тұрғындарымен кездесулер өтті. Кездесулер барысында ауылдық елді мекендерді дамыту, кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын қолдау, сондай-ақ инфрақұрылымды жақсарту мәселелері талқыланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









