Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні

    1 / 14

    Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Іс-шара барысында әлеуметтік саланың дамуына қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін үздік қызметкерлер аудан әкімінің медальдарымен, Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

    Сондай-ақ Отбасын қолдау орталығына автокөліктің кілті табысталды.

    Аудан әкімі әлеуметтік сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектері мен өз ісіне деген адалдықтары үшін алғыс білдіріп, зор денсаулық, амандық және жұмыстарына табыс тіледі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Тимирязев ауданының әкімдігі" жаңалықтары