Республикалық «Қасым оқулары» байқауының қалалық кезеңі

    1 / 6

    2026 жылғы 13 қараша күні №7 жалпы білім беретін мектеп базасында Республикалық «Қасым оқулары» байқауының қалалық кезеңі өтті.
    «Қасым оқулары» байқауының негізгі мақсаты мен міндеті – қаламыздағы жалпы білім беретін мектептердің 7–11 сынып оқушылары арасында Қ.Аманжоловтың шығармаларын насихаттау, оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын сезініп, жүрекпен қабылдауға баулу.
    Байқауға барлығы 15 оқушы қатысты. Қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар анықталды:
    «Өзіммен бірге өлмесін, өлеңім деп...» бағыты бойынша:
    І орын – Ербол Сая (Ә.Бөкейханов атын.МЛ). Мұғалімі: Каржасова А.С.
    ІІ орын – Сейсенбай Ақнұр (С.Асфендияров атын. ЖББМ). Мұғалімі: Сабиолдина А.К.
    ІІІ орын – Токмагамбетова Аяулым (С.Сейфуллин атын. МЛ). Мұғалімі: Каржасова А.С
    «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» бағыты бойынша:
    І орын – Алдамуратова Маржан (С.Асфендияров атын.ЖББМ). Мұғалімі: Хабыл М.
    ІІ орын – Каухер Дарья (№11 ЖББМ). Мұғалімі: Сатиева А.С.
    «Берейін өмірімнен өлең жазып...» бағыты бойынша:
    І орын – Қуатбекұлы Рауан (Ә.Бөкейханов атын.МЛ). Мұғалімі: Кузембаева М.К.
    ІІ орын – Құрбанбай Динара (№12 ЖББМ). Мұғалімі: Нажмаддинова Н.С.
    ІІІ орын – Уринбасаров Асылбек (С.Асфендияров атын. ЖББМ). Мұғалімі: Сабиолдина А.К.

    Құттықтаймыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары