«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» облыстық байқауы

    1 / 2

    «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын 2024-2029 жылдарға іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 60-тармағын орындау, білім беру ұйымдары арасында экологиялық бағдарланған қызмет пен тұрақты даму алғышарттарын қалыптастыру мақсатында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» облыстық байқауы өтеді. Республикалық байқау ережесі және «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асыру аясында өткізіледі.
    23 қарашада байқауыдың қалалық кезеңі өткізіледі. Барлығы 7 өтінім берілді.
    Конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
    1 орын: «Салтанат» бөбекжайы» КМҚК (мектепке дейінгі ұйым)
    3 орын: «Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі» КММ (жалпы орта білім беру ұйымы).
    Қалған қатысушылар қатысқаны үшін сертификат алады. «Салтанат» бөбекжайы біздің қаламызды облыстық кезеңде таныстырады. Іріктеу облыстық кезеңінде сәттілік тілейік!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ" жаңалықтары