Әділет министрлігінің даму жоспары

    «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.
    Онлайн форматта өткен кеңеске Қостанай облысының Әділет департаментінің басшылығы қатысты.Кеңестің күн тәртібінде 2026–2030 жылдарға арналған Әділет министрлігінің даму жоспарының орындалу барысы, государственный органға 2026 жылға бөлінген бюджет қаражатының игерілуі, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, оның ішінде қайталама өтініштерді қарау жағдайы мәселелері қаралды.Сонымен қатар 2026 жылдың 9 айындағы Әділет департаменттерінің жұмысы қорытындыланып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.Кеңес қорытындысы бойынша Министр тиісті тапсырмалар берді.

    Қостанай облысының
    Әділет департаментінің
    баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары