2026 жылғы 14 қазанда «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданында «Құқықтық көмек керуені» атты көшпелі іс-шара өтті.Іс-шараға Бейімбет Майлин ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімінің аға сот орындаушысы Иван Фролков, сондай-ақ прокуратура өкілдері, Нотариаттық палата мен Адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша құқықтық кеңестер мен түсініктемелер алды.«Заң мен тәртіп» — құқықтық көмектің қолжетімділігі, құқықтық сауаттылықты арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау!
Қостанай облысының
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі









