2026 жылғы 9 қазанда Әділет департаментінің қызметкерлері суретші Светлана Суворованың «Өнерге деген сүйіспеншілікпен» атты жеке көрмесіне барды.Шығармашылық коллекцияда автордың әлемге деген өзіндік көзқарасы мен кескіндемеге деген шынайы сүйіспеншілігін көрсететін 150-ден астам туынды бар.
Әрбір жұмыс — жай ғана сурет емес, құқықтық қорғауға жататын зияткерлік меншік объектісі. Авторлық құқықты сенімді қорғау шеберлердің еңбегін құрметтеуге кепілдік береді және өнердің әрі қарай дамуына жағдай жасайды.Мұндай іс-шаралар зияткерлік меншік саласындағы құқықтық білімді дәріптеуге және қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасөз қызметі









