дәріс өткізді

    1 / 2

    Академия филиалының шақыруымен және тыңдаушылардың оң пікірлерінің арқасында Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжулова мемлекеттік органдардың жаңадан тағайындалған басшыларына қайтадан дәріс өткізді. Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған игі дәстүрге айналды.Екі күн бойы қатысушылар «Заң және тәртіп» тақырыбын, Конституцияның негізгі жаңалықтарын, нормативтік құқықтық актілерді және әділет саласындағы жаңашылдықтарды зерделеді. Алынған білімді тәжірибеде қолдануға ерекше назар аударылды. Интерактивті ойын аясында тыңдаушылар түрлі проблемалық жағдайларды талдап, ықтимал шешімдерді талқылады және заңнама нормаларын кәсіби қызметте қолдануды үйренді.Мұндай формат теория мен тәжірибені ұштастырып, оқыту үдерісін жандандыруға және қатысушыларды белсенді пікір алмасуға тартуға мүмкіндік берді. Өйткені заңды білу құқықтық нормаларды түсінумен ғана шектелмейді, ол мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысында сауатты шешімдер қабылдауы үшін де маңызды.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары