Заңдылық пен тәртіп – мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуінің негізі.

    Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Динара Хусаинова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облыстық филиалы ұйымдастырған офлайн семинарда спикер ретінде сөз сөйледі.Семинар тақырыбы — «Мемлекеттік органдардың күнделікті жұмысында заң мен тәртіп қағидаттарын қолдану».Іс-шараға орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері қатысты.Динара Хусаинова зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің қызметі мысалында мемлекеттік орган жұмысында заңдылық қағидаттарын іс жүзінде қолдану, заңнама талаптарын сақтау, құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау және кәсіби шешімдер қабылдау кезінде мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі туралы айтып берді.
    Мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз етуде және азаматтардың сенімін нығайтуда заңдылық пен қызметтік әдептің рөліне ерекше назар аударылды.

    Қостанай облысы
    Әділет департаментінін
    Баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Әділет департаменті" жаңалықтары