МӘС жүргізу тәртібі

    Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүргізуге медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясы (бұдан әрі – ДКК) берген жолдама негіз болып табылады.

    МӘС мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

    • ағза функцияларының тұрақты бұзылуы кезінде алғашқы куәландыру;

    • қайта куәландыру (қайта сараптау).

    МӘС-ке жолдау тәртібі

    Медициналық ұйымдар диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенін жүргізіп, тіршілік әрекетінің шектелуіне әкелетін ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растағаннан кейін адамдарды МӘС-ке жолдайды.

    Жалпы тәртіп бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық басталған немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз қойылған күннен бастап кемінде төрт ай өткен соң жолдама беріледі.

    Бұл талап анатомиялық ақаулары бар адамдарға, 21-хромосома бойынша трисомиясы (Даун синдромы) бар адамдарға, сондай-ақ ағза функциялары айтарлықтай немесе айқын бұзылған, оңалту әлеуеті жоқ және паллиативтік көмек алатын жазылмайтын аурулары бар адамдарға қолданылмайды.

    Мүгедектікке әкелетін ауру бойынша денсаулық жағдайы нашарлаған кезде мүгедектігі бар адамдар МӘС-ке уақытша еңбекке жарамсыздық басталған немесе балалар мен жұмыс істемейтін адамдарға диагноз қойылған күннен бастап кемінде екі ай өткен соң жолданады.

    Ағза функциялары аздап бұзылған кәсіптік аурулар кезінде, егер медициналық оңалту жүргізуге көрсетілімдер болмаса, еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін (ЕҚАД) белгілеу үшін МӘС-ке жолдау уақытша еңбекке жарамсыздық мерзіміне қарамастан жүзеге асырылады. Бұл ретте екі айдан астам уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі белгіленген аурулар тізбесіне кірмейтін кәсіптік аурулар ескеріледі.

    Медициналық тексерудің толықтығы

    МӘС-ке жолданатын адамдардың медициналық тексерілуінің толықтығына, көлеміне және жолдаманың негізділігіне жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы жауап береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары