Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Шардара ауданының білім бөліміне қарасты «Т. Тәжібаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген талаптарының сақталуын бақылау, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету және еңбек қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Тексеру барысында еңбек шарттарын рәсімдеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуы, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, еңбекке ақы төлеу, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы мәселелеріне назар аударылды.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттерінің бірі – еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және жұмыс берушілерге қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру.
Департамент алдағы уақытта да еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік бақылау жұмыстарын жалғастырып, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына және жұмыскерлердің құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударатын болады.








