Кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету мәселелері бойынша кездесу өтті

    1 / 8

    Қаладағы руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Шерхан Есжановтың қатысуымен бизнес өкілдерімен кездесу өтті.

    Басқосуға облыстық басқармалар мен қаржы ұйымдарының, кәсіпкерлікті қолдау мекемелерінің өкілдері қатысты.

    Кездесу барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие алу, қаржыландыру және лизинг мүмкіндіктері бойынша арнайы келген мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жеке қабылдау форматында өткен жиында аудан кәсіпкерлері мен кәсібін жаңадан бастауды жоспарлаған азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

    Айта кетейік, жыл басынан бері Арал ауданында жалпы құны 1,7 млрд теңгені құрайтын 105 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Бұл кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және аудан экономикасын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетес би ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары