15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айыру-мұндай жаза есірткіні қолданып, рульге отырған жүргізушіге тағайындалды.
Елорда тұрғынының басқаруындағы Haval M6 автокөлігін полиция қызметкерлері Астана — Атбасар — Жақсы автожолында тоқтатты. Стационарлық постта қызмет ету кезінде патрульшілердің назарын көлікті жүргізу тәсілі аударды.
Тексеру кезінде жүргізушіде есірткілік мас болуының сыртқы белгілері анықталды. Сонымен қатар, полицейлер ерекше иіс сезді. Жүргізілген медициналық куәландыру каннабиноидтарды қолдануды растады.
Ер адамға қатысты әкімшілік материал жиналды. Сот шешімі бойынша оған 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция еске салады: есірткілік мас күйінде көлік жүргізу жол қозғалысының барлық қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жүргізуші өз дағдыларына сенімді болса да, заттарды қолдану зейінді азайтады, реакцияны баяулатады және жол жағдайын объективті бағалауға кедергі келтіреді.
15 тәулікке қамауға алу, 7 жылға басқару құқығынан айыру: ақмола тұрғыны есірткі қолданып көлік жүргізгені үшін жазаланды
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАННЫҢ «ТҰРАН» КОМАНДАСЫ ЧЕМПИОНАТ КӨШБАСШЫСЫН ЖЕҢДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ТҮРКІСТАН ӘУЕЖАЙЫНДА АМЕРИКАЛЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
Ақмола облысында Қазақстандағы алғашқы 900 басқа арналған роботтандырылған сүт-тауарлы ферма ашылды
Ақмола облысының әкімдігіАшу
Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесті
Маңғыстау облысының әкімдігіАшу
"Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Балық аулау торлары мен 33 келі олжа: Жүкей қорық көлінде браконьерлер ұсталды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Есірткі полицейлері Көкшетаудағы бес студенттік жатақханаға барды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Қосшыда ер адам бұрынғы жұбайының әшекейлерін ломбардқа 894 мың теңгеге өткізген
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
"Бұйратау" ұлттық паркінде ер адам 12 қарағай қазып алған: шығын 520 мың теңгеден асты
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Елордалық ломбардтан 500 мың теңгенің алтын білезігі табылды: Ақмола облысында пәтер ұрлығы ашылды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу