"Бұйратау" ұлттық паркінде ер адам 12 қарағай қазып алған: шығын 520 мың теңгеден асты

    "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ағаштарды заңсыз кесу фактісін Ерейментау ауданының полицейлері тергеп жатыр.
    Ұлттық парк қызметкерлерінің мәліметінше, "Соколиные горы" учаскесінде Қарағайлы ауылының 44 жастағы тұрғынының басқаруындағы мотоцикл тоқтатылған. Тексеру кезінде ер адам табиғи аймақтың аумағында өзі қазып алған 12 жас қарағайды тасымалдағаны анықталды.
    Оқиға туралы ақпарат полицияға берілді. Іс жүргізу барысында ер адам ағаштарды басқа жерге отырғызбақ болғанын айтып түсіндірді. Алайда оның әрекеті 520 мың теңгеден астам шығын келтірді.
    Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ерекше қорғалатын табиғи аумақта ағаштарды заңсыз кескені үшін ер адамға 3 000 АЕК мөлшерінде айыппұл, 800 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ бес жылға дейінгі мерзімге шектеу не бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін.
    Полицейлер ұлттық саябақтар бірегей ландшафттарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін құрылған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар екенін еске салады. Өсімдіктерді еркін кесіп алу, ағаштарды шауып алу немесе жануарлар әлемін жою табиғи экожүйеге зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар ауыр құқықтық салдарға әкелуі мүмкін.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары